Елордалық мәдениет қызметкерлері төл мерекесін атап өтті

Елордалық мәдениет қызметкерлері төл мерекесін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Бүгін мәдениет саласының қызметкерлері төл мерекесін атап өтті. Атаулы күнге орай өнер майталмандары «Жастар» театрында өткен дөңгелек үстел отырысында елордадағы мәдениеттің даму перспективаларын, сондай-ақ 9 маусымда өтетін Президент сайлауына дайындық мәселелерін талқыға салды. Бұл туралы қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Мәдениет саласының үздік қызметкерлері қалалық Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұловтың атынан алғыс хатпен марапатталды. Басқарманың кадрлар бөлімінің басшысы Оразхан Сәдуақасова грамота табыстап, мереке иелерін құттықтады.

«Өнер — халықтың жаны. Сіздер өнер арқылы баршаға бақыт пен қуаныш сыйлайсыздар. Біз Сіздер қол жеткізген жетістіктерді мақтан етеміз. Бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтаймын және халқымыздың игілігі үшін ерен еңбек етіп жүргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін», — деді ол.
null

Шара барысында Мемлекеттік филармония, Астаналық цирк, «Наз» Мемлекеттік би театры, Қуыршақ театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры және Қуыршақ театрының артистеріне алғыс хаттар тапсырылды. Сонымен қатар, Сәкен Сейфуллин музейі, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені, Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-музей кешені, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, «Жастар» сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Бәйтерек» монументі, Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекция қызметкерлері лайықты наградаларын алды.
null

Қазіргі кезде елордада 67 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде- 20 кітапхана, 7 сарай, 5 музей, 8 театр, 8 кинотеатр, 4 галерея, бір цирк, 3 концерт ұйымы және 8 саябақ бар. Бұдан басқа, 46 тарихи және мәдени ескерткіш бар.

Автор: pyx_pyx
Предыдущий материал

Шевчук оскаржив звільнення в суді

Следующий материал

Зе-реальность: Украину ждут пара нескучных карнавальных лет — эксперт

Коментарии (0)