Армения Президенті: Қазақстанның Еуразиядағы орны ерекше


Армен Саркисян

Армен Саркисян
WhatsApp
Facebook
VK
Telegram
Twitter

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев медиафорум қатысушыларына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін жеткізді. Онда Президент биылғы Еуразия медиафорумы Қазақстанның қазіргі уақыттағы маңызды кезеңімен тұспа-тұс келгенін айтып, форумда әлемдік деңгейдегі көкейкесті мәселелер шешілетініне сенім артқан.

Сонымен бірге Дәурен Абаев ҚР Президентінің Қазақстанда әділ демократиялық сайлау өтетініне кепіл болатынын жеткізді.

Армения Президенті Армен Саркисян XVI Еуразия медиафорумының қазіргі құбылыстарға қарсы әлемнің мықты иммунитет қалыптастыруына көмектесетінін айтты. Ол медиафорумның негізін қалаушылар – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Дариға Назарбаеваға алғыс білдірді.

Армен Саркисян “Еуразия” дегенде ұлы өркениеттің тарихы, Ұлы Жібек жолы мен Қазақстан мемлекетінің ойға бірінші оралатынын айтты. Оның пікірінше, Қазақстан – Еуразия құрлығындағы экономикасы, саясаты мен мәдениеті жағынан алдыңғы қатарлы елдердің бірі.

Еуразия дегенде Қазақстанды ойламау мүмкін емес. Оның Еуразиядағы орны ерекше. Сондықтан Еуразия медиафорумының да осы елде өтуі бекер емес. Медиафорум бірнеше жылдан бері журналистердің платформасына айналды. Мұнда әлемнің бүгінгі шынайы өмірі айтылады, – деді Армения Президенті.

Ол бұл форумды алдағы уақытта да жалғастыруды сұрады.

Конференцияда әлемдік және аймақтық деңгейдегі көкейкесті мәселелер талқыланады. Күн тәртібінде жаһандану мәселесі, әсіресе, өзекті тұтыну дағдарысы, сонымен бірге халықаралық құқық проблемелары мен жасанды ақыл-ойды кеңінен пайдаланудан туындайтын сын-қатерлер айтылады. Форум аясында медиа саласындағы кәсіби тақырыптар, атап айтқанда, журналистиканың цифрлық дүниедегі келешегі мен блог жүйесі ықпалының күшеюі де сөз болады.

Еуразия медиафорумының (ЕАМФ) мақсаты – Орталық Азиядағы жетекші әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Қазақстан, Еуразия және бүкіл халықаралық қауымдастықты толғандыратын геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың пікірталасына жағдай жасау.

Тағы да оқыңыз: XVI Еуразия медиафорумының спикерлері анықталды.

Автор: yu_stesh
Предыдущий материал

Чемпион М-1 Global казахстанец Шавкат Рахмонов защитит чемпионский титул в столице

Следующий материал

"Дом рассыпается": жители сносимого дома пожаловались на отсутствие выплат в Алматы

Коментарии (0)