Семейде абаттандыру ережесін бұзған 1200 тұлға жауапқа тартылды

Семейде абаттандыру ережесін бұзған 1200 тұлға жауапқа тартылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат — Семейде абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 1200-ден астам тұлға жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 1 млн. 204 мың теңге.

Бұл туралы ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде жергілікті полиция қызметкерлері қаладағы санитарлық жағдайды қолдау мақсатында қоғамдық орындарды ластау, қоқыс тастау орындарын құру фактілерін анықтауға бағытталған рейд шараларын жүргізуде. Нəтижесінде абаттандыру ережесін бұзған 1200 -ден астам тұлға жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдың көлемі 1 млн. 204 мың теңге.

«Жұмыстар жеке тұрғын үйлерде, заңды тұлғалар мен сауда үйлерінің, дүкендердің иелерімен жүргізілді. Рейдтік шаралар барысында 5 мың 425 жеке тұрғын үй және 44 заңды нысан тексерілді»,-деді Семей қаласы Полиция басқармасының басшысы Дулат Қазақпаев.

Сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 705 тұлға жауапқа тартылды. Оның ішінде 457 тұлға қамауға алынып, 248 тұлғаға 3 млн. 131 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Автор: pulemjotov
Предыдущий материал

У США потужний торнадо забрав життя декількох людей

Следующий материал

Международные эксперты высказались о социально-политической модернизации Казахстана

Коментарии (0)