Теннис: Кукушкин жұптық сында «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты

Теннис: Кукушкин жұптық сында «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстандық Михаил Кукушкин бельгиялық Йоран Флигенмен бірге жұптық сында «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық-бельгиялық жұп үшінші айналымда аргентиналықтар Федерико Дельбонис және Гильермо Дюранмен күш сынасты.

Бірінші партияны аргентиналық спортшылар сәтті өткізді — 6:2.

Екінші сетте Кукушкин мен Флиген тай-брейкте таразы басын аудара білді — 7:6 (7:5).

Үшінші, шешуші партияда олар 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Кукушкин мен Флиген жартылай финалға шығу үшін осы жарыстың 3-ракеткалары, колумбиялықтар Хуан-Себастьян Кабаль мен Роберт Фарах немесе Нидерланды елінің өкілі Робин Хасе мен даниялық Фредерик Нильсен жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің жұптық сында «Ролан Гарростың» үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Автор: u_o_i
Предыдущий материал

Росси стартует с 6-го ряда, но нет ничего невозможного

Следующий материал

Слони, як і раніше, перебувають на межі вимирання, заявили екологи

Коментарии (0)