Мамандар автокөлікті техбайқаудан өткізуден бас тартуды ұсынды


Автожөндеу

Автожөндеу

Автокөлікті техникалық байқаудан өткізу тәртібін қайта қарастыру керек. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ғимаратында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев айтты.

Бүгінде іске асырылып жатқан техникалық байқаудан бас тартудың қажеттігі логикасына түсінік бергім келеді. Қазіргі кезде техникалық байқау шаралары бастапқыда жүктелген қызметтерді орындамай жатқанын мойындау керек. Біздің ойымызша, аталған байқау әділ әрі ашық болуы үшін жалпы тұжырымды әзірлегенше өкілетті органдарға бұл мәселені шешу керек. Сонымен қатар азаматтық-қоғамдық талқылау қажет, – деді Данияр Сабырбаев.

Оның айтуынша, шын мәнінде техникалық байқау ешбір негізі жоқ немқұрайлы шараға айналды. Сондықтан техникалық байқау шараларын қайта қарастыру керек.

Біз техникалық байқауды сапалы жүргізудің тетігі дайындалғанша оны уақытша тоқтата тұруды ұсынамыз. Осы орайда өкілетті органмен, қоғаммен, “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге бұл тақырыпты талқылауды бастауды сұраймыз. “Қазіргі күйдегі техникалық байқау бізге керек пе?” деген сауалға жауап беруіміз керек. Сарапшылардың пікірінше, бүгінде жүргізіліп жатқан техникалық байқаудың жағдайы қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан қатерлі. Бұл ретте агенттіктің ұстанымына тоқталсақ, техникалық байқау станциясынан өту форматын қайта қарастыру керек, – деді Данияр Сабырбаев.

“Адалдық алаңы” республикалық жоба кеңсесінің жетекшісі Мирас Қарғабай бұл салада жүргізілген мониторинг қортындысын жариялады.

Алматы облысы бойынша көлік қадағалау инспекциясымен бірлесе жүргізілген шара барысында “WhatsApp арқылы техникалық байқау” сияқты заңсыз қызмет түрлері анықталды. Аталған факті Талдырқорғанда тіркелді, яғни көлікті тиісті орынға кіргізбестен 6 мың теңгеге техникалық картаны алу мүмкіндігі жасалған, – деді Мирас Қарғабай.

Мұнымен қоса, ол Ақмола облысында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген автокөліктерді заңсыз техникалық байқаудан өткізу оқиғалары анықталғанын айтты. Республикалық “Ыстық шілде” акциясы шеңберінде шетелде тіркелген автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу туралы талондарды заңсыз әзірлеу қызметтерінің хабарландырулары орналастырылған сайттарға мониторинг жүргізу барысында “Техосмотр РФ”, “Техосмотр Армения, Киргизия и Россия в Кокшетау” сияқты хабарландырулар анықталды. Барлығы OLX.kz сайтында осындай қызметтерді ұсынатын 32 хабарландыру жарияланған.

Автор: trilirium
Предыдущий материал

В Екатеринбурге разбился пьяный парапланерист

Следующий материал

Ліквідована церква Філарета вимагає в суді нікому не віддавати Михайлівський собор

Коментарии (0)