2025 жылы Қазақстандағы импорт үлесі 59%-дан 37%-ға қысқарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарлама арқылы 2025 жылы Қазақстандағы импорт үлесі 59%-дан 37%-ға қысқарады.

«Елбасы міндеттеген «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту аясында өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету, агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу және өндіріс салаларын қолдауға 600 млрд теңге бөлінді. Биылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша банктер 50 млрд теңге сомасына 100-ден астам жобаны мақұлдап, 280 млрд теңге болатын 180 жобаны қарастыруда», — деді министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тек осы бастапқы жобалар бойынша жыл сайын 2 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, салық түсімдерін 6,2 млрд теңгеге ұлғайту көзделген.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру арқылы 2025 жылға қарай импорт үлесі 59%-дан 37%-ға дейін қысқарады. Біз мемлекеттік сатып алудағы жергілікті нарықты қамту жұмысын жалғастырамыз және оның үлесін ұлғайту бойынша тиісті шаралар қабылдаймыз», — деді Р. Скляр.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.

Автор: green_bear_den
Предыдущий материал

Аграрии Винницкой области остановили уборку пшеницы из-за высокой влажности

Следующий материал

Российские волейболисты выиграли золото Лиги наций!

Коментарии (0)