Ақмола облыстық сотында адалдық дүкені ашылды

Ақмола облыстық сотында адалдық дүкені ашылды

Облыстық соттың қызметкерлері мен сотқа келушілері адалдық дүкенінде тауарды сатып алып, сатып алынған заттың құны үшін ақшаны жәшікте қалдыра алады. Онда сатушы жоқ, баға көрсеткіші мен ақша салу үшін жәшік бар. Жобаның мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру.
Integrity shop жобасы – адалдық дүкені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті және соттың әріптестігінің негізінде ашылды. Жоба скандинавия елдерінде бұрыннан бері табысты қолданылып келе жатқан механизмін пайдалануда.
Соттың кіре берісінде адалдық дүкенінде қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет көрсететін жергілікті кәсіпкермен ұсынылған тәтті тағамдар және сусындарды сатып алуға болады.
«Жобаның мақсаты - адамдарда моральдық қасиеттерді, ішкі адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің қалыптасуына тікелей әсер етеді» - деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаева.
«Ұжымда өзара сенім атмосферасын құру, адамның сенімін ақтау, адамның жүріс-тұрыс нормасы болуы қажет. Алдағы уақытта адалдық дүкені аудандық соттарда да ашылатын болады» - деді Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі өкілі Сайра Шуақпаева.
Дүкен өз-өзіне қызмет көрсету жүйесі бойынша жұмыс істеп, сатып алушылардың адалдығы мен саналылығын қалыптастыруға бағытталған.


Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

Автор: aphilippoff
Предыдущий материал

«Холодная война» Павликовского получила главный приз «Золотой арки»

Следующий материал

Юлия Снигирь и Евгений Цыганов, Константин Хабенский и другие на кинопремии в Москве

Коментарии (0)