Маңғыстауға қатынайтын тозығы жеткен вагондар жаңартылмақ

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау-Алматы бағыты бойынша 25 жаңа вагон іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, жаңа вагондар тұрғындардың өтінішімен жаңартылмақ. Себебі, осы бағыттағы вагондар тозғаны туралы шағымдар көп түскен.

«Ескі вагондарды арнайы комиссия қарайды. Әлі 5 жылға пайдалануға болатын, жолға жарайтындарын шығарамыз. Ал, тозығы жеткендер утилизацияға жіберіледі»,-дейді Диас Ахметшәріп.

Екі пойыз жаңа 25 плацкарт вагондарынан құралған. Заман талабына сай кондиционер, су сүзгіш, өртке қарсы жүйе, биотуалет қондырғыларымен жабдықталған. Әр вагонда 54 орын бар. Билет бағасы бұрынғыдай сақталады.

Еске салсақ, кеше елордадан Алматыға қосымша бір реттік пойыздар қатынайтындығы хабарлаған болатынбыз.

Автор: annataliya
Предыдущий материал

В Раде зарегистрирован законопроект об отмене закона о языке

Следующий материал

Жанна Бота о штабах ДВК:

Коментарии (0)