25 шілде. Туған күн иелері

25 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Бүгін, яғни 25 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР



59 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Надежда Николаевна КУЗНЕЦОВА дүниеге келді.

Қарағанды облысының тумасы. 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығымен тәмамдаған.

Қарағанды облыстық Абай қалалық халық соты сот отырысының хатшысы (1981-1985), Қарағанды облыстық Абай қалалалық атқару комитеті тұрғын үй бөлімінің инспекторы (1985-1988), Қарағанды облысы Абай аудандық әділет басқармасы АХАЖ бөлімінің меңгерушісі (1988-1998), Қарағанды облысы Абай аудандық сотының судьясы (1998-2002), Қарағанды облыстық сотының судьясы (2002 жылдан бері).

Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың қазанынан.



56 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасындағы ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының тұрақты өкілдігінің басшысы Бекен Канелұлы СЕЙДАХМЕТОВ дүниеге келді.

Рига азаматтық авиация инженерлері институтын, Алматы менеджмент мектебін бітірген.

Еңбек өтілі: «Правда» газетінде маман (1984); «Қазаккумулятор» өндірістік-диспетчерлік бөлімінің инженер-диспетчері, экономисі, қаржыгері (1990-1994); Алматы әуежайы қаржы тобының бухгалтері «Қазақстан әуе жолы» ҰАК қаржы жұмысы бойынша бастығының орынбасары, Алматы әуежайының бас бухгалтері, 1998-2011 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2011-2014); ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2014-2017).

Қазіргі қызметінде 2017 жылғы мамырдан бері.



51 жыл бұрын (1968) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелері бойынша орынбасары Антон Владимирович ФЕДЯЕВ дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. Мәскеу энергетикалық институтын біртірген, инженер-теплофизик.

Еңбек жолын 1993 жылы ЖЭС-2 турбиналық жабдықтардың қараушы машинисі болып бастаған. 1993-2008 жылдар аралығында Петропавл қаласындағы ЖЭС-2 турбиналардың аға машинисі, ауысым бастығы, «Аксесс-Энерго ПТЭЦ-2» ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінде бас инженердің пайдалануға беру жөніндегі орынбасары, бөлім бастығы, «СевКазЭнерго Петропавл» ЖШС инженерінің пайдалануға беру жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.

Автор: komodo74
Предыдущий материал

Куда сейчас, в основном, эмигрируют украинцы

Следующий материал

UK weather: Britons urged not to travel on trains as 39C is forecast today

Коментарии (0)