БҚО-да мұғалімдерге екі жүз миллионнан астам теңге төленбеген

БҚО-да мұғалімдерге екі жүз миллионнан астам теңге төленбеген

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қосымша оқыту үшін төрт мың педагог ақы алмаған. Облыстың барлық аудандарында білім беру мекемелері басшыларының қаржылық алаяқтығын облыс прокуратурасы анықтады.



Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін базалық лауазымдық жалақының 40% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Бұл ҚР заңының «Білім туралы» 52-бабымен реттеледі. Осындай норма Үкіметтің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1 193 қаулысымен көзделген, – деп түсіндірді прокуратура өкілі Бауыржан АХМЕТЖАН.

– Казталов ауданында қосымша ақыны 215 мұғалім ішінара алды. 40 пайыз орнына оларға 20 пайыз төленген. Жалпы сома — 1,8 млн.теңге. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытқаны үшін тағы 334 педагог жалпы сомасы 3,1 млн.теңгеге қосымша ақы алмаған. Бұл ретте ведомостарда жүргізілген жұмыс туралы мәліметтер бар.

Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша ауданның жиырма орта мектебінен 549 ұстазға 4,9 млн.теңге көлемінде қаржы қайтарылды.

Тәртіптік жауапкершілікке білім бөлімінің 5 лауазымды тұлғалары тартылды.

Осындай құқық бұзушылықтар облыстың басқа аудандарында анықталған, деп атап өтті прокуратура өкілі.

Мария ДРАЧЕВА

Автор: cofe_v_noyabre
Предыдущий материал

Симоне Конти: кастом Aprilia SXV550

Следующий материал

Franky Zapata: Flyboard inventor fails in cross-Channel bid

Коментарии (0)