Павлодарда жағажай футболынан халықаралық турнир өтеді

Павлодарда жағажай футболынан халықаралық турнир өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Павлодарда 2-4 тамыз күндері жағажай футболынан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Турнирге Ресейдің Барнауыл, Томск және Новосібір қалаларының командалар келеді. Жарыста жалпы саны төрт команда бақ сынасады.

Павлодар намысын «Арман» жағажай футбол клубы қорғайды.

«Біз бұл турнирге 2016 жылдан бастап қатысып келеміз. Мұндағы мақсат — ойын тәжірибесін жинақтап, халықаралық деңгейдегі сындарға әзірлену»,- дейді «Арман» командасының ойыншысы Дмитрий Перевертов.

Айта кетейік, былтырғы Еуразиялық лига Новосібірде өткен еді. Онда павлодарлық футболшылар финалда алаң қожайындары «Джокерге» 5:1 есебімен ұтылып, нәтижесінде турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Автор: omnesolum
Предыдущий материал

Пропавшую в Карагандинской области девушку нашли в городском парке в Нур-Султане

Следующий материал

На Филиппинах в результате серии землетрясений погибли 8 человек

Коментарии (0)