Мәулен Әшімбаев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Мәулен Әшімбаев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты. Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 1995 жылғы маусым — қараша аралығында — Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 1999-2000 жылдары — Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 2000-2002 жылдары — Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2002-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2005-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2006-2011); V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016); VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2016-2018).

2018 жылдың ақпанынан бері «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

«Құрмет» орденімен (12.2007); «10 жыл Астана» медалімен (2008); Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

Автор: irnella
Предыдущий материал

В Чехии украинский заробитчанин "случайно" погиб в нечеловеческих муках: первые подробности

Следующий материал

В РФ мать оставила 2-летнего сына в камере хранения супермаркета

Коментарии (0)