БҚО-да заңсыз бекіре аулаған 12 адам сотталды

БҚО-да заңсыз бекіре аулаған 12 адам сотталды

Осы жылы Ақжайық ауданының полиция қызметкерлері Жайық өзенінде 12 адамды қолға түсірді, олар 25 дана бекіре аулаған. Барлық браконьерлер түрлі жазаға тартылды.



— Алмалы, Ақбұлақ, Жанама, Қарауылтөбе және Шабдаржап ауылдарының тұрғындары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңының 39 — бабы өзендерде бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салу туралы талаптарын бұзды, -деді Бауыржан Ахметжан, БҚО прокурорының аға көмекшісі.

Оның айтуынша, кінәлі тұлғалар ҚР ҚК 335-бабының 3 және 4-тармақтары бойынша балық ресурстарын заңсыз олжалағаны үшін, бас бостандығын шектеуге, шартты жазаға 1 жылдан 2 жылға дейінгі мерзімге сотталып, 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға салынады.

Прокурордың аға көмекшісі хабарлағандай, сотталғандардан 10,9 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді. Алынған балық пен көлік құралдары мемлекет пайдасына тәркіленген, сондай – ақ қылмыс құралдары-аулар, шаналар, күректер жойылып, сот актілері заңды күшіне енді.

Прокуратура бекіре балық түрлерін заңсыз аулағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 335 бабы бойынша айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамауға алу, шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік пен жаза көзделгенін ЕСКЕРТЕДІ.

Сондай-ақ тақырып бойынша:

Автор: skuzn
Предыдущий материал

Военный переворот в Киеве: объявлено об отстранении Зеленского от власти

Следующий материал

Зеленський розігнав 11 дипломатів: стало відомо, хто стане новим послом США

Коментарии (0)