Павлодарда ер адамды КамАЗ басып қалды

Павлодарда ер адамды КамАЗ басып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодарда астына жатып жөндеп жатқан ер адамды КамАЗ басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Павлодарда 30 шілде күні 15:20-да Торговая көшесінің бойындағы ЖШС-тердің бірінің аумағынан 53 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол – облыс орталығының тұрғыны. Анықталуынша, ер адам КамАЗ-ды жөндеп жатқан кезде домкрат сынып кеткен. Факт тіркелді. Сараптамалар белгіленді», — делінген облыстық Полиция департаментінің мәлімдемесінде.

Автор: sz_lanna
Предыдущий материал

​Запорожье накрыло тропическим ливнем с градом: опубликованы видео

Следующий материал

​Эхо в телефонной трубке – почему так бывает?

Коментарии (0)