Бақсылар орман өртіне жаңбыр шақыру үшін Байқалда бас қоспақ

Бақсылар орман өртіне жаңбыр шақыру үшін Байқалда бас қоспақ

ЧИТА. ТАСС- ҚазАқпарат – 4 тамыз күні Бурятияның, Забайкалье мен Иркутск облысынан 40-қа жуық бақсы Байқалдың Ольхон аралында арнайы рәсім өткізу үшін жиналады. Олардың пікірінше, бұл рәсім Сібірде өртеніп жаткан тайгаға жауын жауғызуға көмектеседі. Бұл жөнінде сәрсенбі күні ТАСС агенттігіне «Тэнгэри» бақсылардың аймақаралық ұйымының Басқарма төрағасы Баир Цырендоржиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Авиалесоохрана» федералдық мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, Ресейде жалпы аумағы 100 мың га жерде 147 орман өрті сөндіріліп жатыр. Өртенген орманның басым бөлігі шалғай мекендерде орналасқан. Оларды сөндірумен ешкім айналысып жатқан жоқ. Өртке оранған ормандардың басым көпшілігі Сібірде – Иркутск облысы мен Красноярск өлкесінде тіркелген.

«4 тамыз күні Ольхонда Бурятиядан, Забайкалье мен Иркутск облысынан 40-қа жуық бақсы жиналады. Олар орман өрттеріне жаңбыр шақыру үшін арнайы рәсім өткізеді. Қазіргі таңда біз орман өртеніп жатқан аумақтарды анықтаудамыз», — деді Баир Цырендоржиев.

Сейсенбі күні будда дін қызметкерлері-ламалар дәл солай өртеніп жатқан тайгаға жауын шақыру үшін рәсім жасауға дайын екенін мәлім етті, алайда олар «өртенген ормандардың нақты орналасқан аумағы» қажет екенін атап өтті.

Автор: opervzakone
Предыдущий материал

Shoppers shun supermarket plastic bags as sales drop 90% since 5p levy

Следующий материал

Голубой июль – продолжаю играть в куклы

Коментарии (0)