Атырауда браконьерлер түрме жазасынан құтылды

Атырауда браконьерлер түрме жазасынан құтылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бекіренің ірі партиясымен ұсталған браконьерлер түрме жазасынан құтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, 1987 және 1988 жылы туған екі ер адам Қызыл кітапқа енген жүзге жуық бекіремен ұсталған болатын. Облыс прокуроры Х. Дәуешовтің нұсқауымен осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының («Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу») 4-бөлігімен тіркелді. Баптың төртінші бөлігіне сәйкес, екеуі де бес жылға сотталуы мүмкін еді. Бірақ сот прокурордың талабын қанағаттандырмады.

«Сот екі жігіттің тұрақты тіркеуде тұратынын, үйінде кәрі ата-аналары мен жас балалары бар екенін ескере отырып, оларды түрмеге жаппай, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға шешім қабылдады», — деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.


Автор: sindzidaisya
Предыдущий материал

Катя Осадчая насладилась теплым осенним деньком у моря

Следующий материал

Николь Кидман восхитила стройной фигурой в платье-бюстье

Коментарии (0)