"Полицияға бағынбады" деп айыпталған алматылық белсенді 4 күнге қамалды


"Полицияға бағынбады" деп айыпталған Болат Смағұлов сот залында. Алматы, 27 қыркүйек 2019 жыл.

27 қыркүйекте Алматы қалалық мамандандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "полицияға бағынбады" деп айыпталған алматылық белсенді Болат Смағұловты төрт тәулікке қамады. Оған Әкімшілік кодекстің 667-бап 1-тармағы бойынша ("Полиция талабына бағынбау") айып тағылған.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 21 қыркүйек күні "рұқсат етілмеген митингі орнында" оны ОМОН ұстаған кезде қарсылық көрсеткен. Ал айыпталушының өзі бұл күні "митингіге емес, жұмысқа бара жатқан жерінен арнайы жасақ өкілдері ұстап әкеткенін" айтты. Істі судья Еділова қарады.

Алматылық белсенді Қанат Жақыпов бүгін таңертең Facebook-тағы парақшасында Болат Смағұловты кеше, 26 қыркүйекте полиция ұстап, Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізгенін жазған.

21 қыркүйекте полиция елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы белгілеген "митингі орындарында" ресми дерек бойынша шамамен 100 адамды ұстаған. "Рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны" үшін полицияға жеткізілген адамдардың көбін полиция босатқан. Оннан астам адамды әкімшілік жазаға тартты. Оқиға кезінде полицияның бейбіт шерушілерге дөрекі күш қолданылғаны хабарланды.

Болмаған митингі: Жылаған бала, протез аяқ және қолшатыр
please wait
Get Adobe Flash Player

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстандағы соңғы ұстаулар мен қамауларды сынап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевты саяси реформа жасауға шақырды.


  • 16x9 Image

    16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі.
    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

    Жазылыңыз
Автор: batyrevmaxim
Предыдущий материал

Алена Свиридова показала изящную фигуру в желтом купальнике

Следующий материал

«Министерство нездоровья» Сергея Морозова

Коментарии (0)