Тәжікстан мен Ауғанстан тұтқын айырбастады

Тәжікстан мен Ауғанстан тұтқын айырбастады

Ауғанстанға тұтқын беріп жатқан сәт. Тәжікстан, 30 қыркүйек 2019 жыл

Дүйсенбі күні Тәжікстанның Төменгі Пянж шекара аймағында Ауғанстан мен Тәжікстан тұтқын айырбастады. Бұл шараны «Тәжікстан мен Ауғанстан арасында тұтқын айырбастау туралы» 2010 жылы жасалған келісім бойынша жүзеге асырған.

Тәжікстан Ауғанстанның 48 азаматын қайтарған. Тәжік билігінің сөзіне қарағанда, тұтқындардың көпшілігі — есірткіні заңсыз жолмен тасумен айналысқандар.

Ауғанстан терроризммен айыпталып, ауған түрмесінде отырған бірнеше тәжік азаматын Тәжікстанға бергенін мәлімдеді. Келісім бойынша тұтқындар қалған жаза мерзімін өз елдерінде өтеуі тиіс.

Биылдыққа Тәжікстан мен Ауғанстан екінші рет тұтқын айырбастады. Шілдеде тәжік билігі Кабулға 80 тұтқын қайтарған.

Тәжікстандағы Ауғанстан елшілігінің дипломаты Саидмасуд Бадахштың 30 қыркүйекте Азаттыққа айтуынша, Тәжікстан түрмесінде Ауғанстанның әлі де 70 азаматы қамауда отыр.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Автор: svet15556
Предыдущий материал

Что будет с океаном, если растает Антарктида? Ученые вынесли вердикт 

Следующий материал

Қарағандылық дәрігерлер Өзбекстан азаматын қауіпті инфекциядан аман алып қалды

Коментарии (0)