СҚО-да ыстан әжесі екі немересімен уланып қалды

СҚО-да ыстан әжесі екі немересімен уланып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жылу беру маусымы басталғаннан бері 1612 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылыту маусымы басталғаннан жер үйлерде 1612 өрт оқиғасы болды. Өрт салдарынан 42 адам, тағы 6 адам газдан уланып көз жұмды», — дейді Владимир Беккер.

Комитет төрағасының айтуынша, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда өрт оқиғасы 21% азайған.

«Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өрт салдарынан көз жұмғандар саны 18% азайған, сондай-ақ улы газбен улану салдарынан көз жұмғандар саны 5 есе азайған», — дейді ол.

Сонымен қатар, Владимир Беккер ыстан уланғандар туралы айтты.

«Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданында орналасқан екі қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде көмірді дұрыс жақпау салдарынан үш адам, атап айтқанда 1962 жылғы үй иесі мен оның 2001, 2005 жылғы екі немересі ыстан уланып, ауруханаға жатқызылды. Пешті пайдалану ережелерін сақтамаудың соңы осындай қайғылы жағдайларға алып келуде», — дейді ол.

Автор: hasid
Предыдущий материал

Консервативная Елизавета II отказалась от изделий из натурального меха

Следующий материал

Apple Card: Major US bank investigated over claims its credit limit algorithms are sexist

Коментарии (0)