Италия Қазақстан экономикасына қанша инвестиция салды

Италия Қазақстан экономикасына қанша инвестиция салды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық байланыс мүмкіндігі жоғары. Бұл туралы Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефано айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі ел арасындағы экономикалық байланыс нығайып келеді. Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде зор мүмкіндіктер бар»,- дейді Манлио Ди Стефано елордада өткен Қазақстан-Италия бизнес-форумында.

Оның айтуынша, бүгінде Италия Қазақстан экономикасына 6,6 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.

«Жалпы, Қазақстанда Италияның 270-ге жуық компаниясы жұмыс істейді. 13 желтоқсанда Италияның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы бойынша тағы бір жиын өтеді», — дейді ол.

Айта кетсе, аталған іс-шараға екі елдің іскер топтарының, ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардан 200-ден астам өкілі қатысты.

Автор: anton_platov
Предыдущий материал

Экспериментальный курс Абаеведения появится в школах Восточного Казахстана

Следующий материал

Казахстанская теннисистка вышла в финал турнира ITF в Чили

Коментарии (0)