Қазақстандық онкологиялық науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмектер Ресейге шығарылған

Қазақстандық онкологиялық науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмектер Ресейге шығарылған

Денсаулық сақтау министрлігінде кінәлілерді табу қиын емес деп сендіреді, себебі бұл дәрі-дәрмектерді тек 11 стационар алған.



Қазақстанда қатерлі ісікпен ауыратын науқастар үшін сатып алынған дәрілер, Ресейден табылы. Қаптама үшін құны миллион теңге тұратын дәрі-дәрмектер еліміздің тұрғындарына арналған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Шетелге дәрі-дәрмек заңсыз шығарылған.

— Бізді өз мүдделерін қорғау үшін өз қауымдастығын құрған емделушілер Ресей нарығында біздің дәрілердің табылғаны туралы, сонымен қатар біздің медициналық ұйымдардың мөрлерімен екені туралы хабардар етті, өйткені бізде ережеде «тегін»деген мөртабан бар. Қазір біз құқыққорғау органдарымен бірге өздігімізше тексеру жүргіземіз, егер осы дәрілердің шын мәнінде сыртқа кеткені анықталса, бірден бас прокуратураға тапсырамыз, — дейді ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

Дәрілер тері обырымен ауыратын науқастарға арналған. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі Ресейге өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерді кімнің заңсыз апарғанын анықтауда. Денсаулық сақтау министрлігінде кінәлілерді табу қиын емес деп сендіреді, себебі бұл дәрі-дәрмектерді тек 11 стационар алған. Бұл алғашқы жағдай емес. Жыл басында қазақстандық диабетиктерге арналған инсулин Өзбекстанда сатылды. Кейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңсыз жеткізілімдердің көзі табылғанын мәлімдеді. Оқиға бойынша 28 қылмыстық іс қозғалды.

Автор: habfond
Предыдущий материал

Як Україні пройти в 2-й етап Кубка Європи ФІБА: всі розклади

Следующий материал

Украинские лесники объявили продажу елок. Цены.

Коментарии (0)