«БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНА» «ДОСТУПНАЯ МЕДИЦИНА – ДЛЯ ВСЕХ» ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТАҚЫРЫБЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ

«БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНА»

«ДОСТУПНАЯ МЕДИЦИНА – ДЛЯ ВСЕХ»

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТАҚЫРЫБЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ

 

 

  1. Конкурсты өткізудегі мақсат

 

1.1. Денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді насихаттауға кәсіби қызығушылық танытатын үздік авторларды анықтау және көтермелеу.

1.2. Денсаулық сақтау саласында қоғамның, мемлекеттің және бизнестің ортақ жауапкершілігі идеясын ілгерілетуге ықпал ету.

1.3. Қоғамның назарын медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге, дәрігерлік қызметті таңдаған жастар үшін құндылық бағдарын құру қажеттілігіне аудару.

1.4. Азаматтардың өз денсаулығы мен саламатты өмір салтын саналы түрде таңдау жауапкершілігін нығайту.

 

 

2. Жалпы ережелер

 

2.1. Конкурсты ұйымдастырушы – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қор) конкурсты дайындау мен өткізуді жалпы үйлестіруді жүзеге асырады, қаржыландыруды қамтамасыз етеді, өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

2.2. Конкурсқа республикалық және өңірлік деңгейдегі барлық қазақстандық БАҚ-тың штаттық, штаттан тыс және тәуелсіз авторлары қатыса алады.

2.3. Конкурсқа қатысушылар әр номинацияға бірнеше өтінім бере алады.

2.4. Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

2.5. Қатысушылар байқаудың ұйымдастыру комитетіне толтырылған өтінімді әр номинацияға жеке-жеке ұсынады.

2.6. Конкурстың тақырыбы мен талаптарына сай келмейтін материалдар қаралмайды және қайтарылмайды.

 

3. Өткізу мерзімі

 

3.1. Байқау екі кезеңнен тұрады: біріншісі - өтінім қабылдау, екіншісі - сараптамалық қазылар алқасының жұмыстарды бағалауы.

3.2. Конкурсты өткізу мерзімі 2019 жылы:

қатысуға өтінімдерді қабылдау: 14 қараша-14 желтоқсан;

қазылар алқасының жұмыстарды бағалауы: 15 желтоқсан.

нәтижелерді жариялау – 20 желтоқсан.

3.3. Конкурстық жұмыстарды қабылдаудың соңғы күні - 14 желтоқсан 2019 ж.

3.4. Материалдар БАҚ-та 2019 жылдың 14 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында жариялануы тиіс.

 

 

4. Номинациялар

 

4.1. Номинациялар:

- Телевизиядағы үздік материал (сюжет, репортаж, сұхбат, аналитика);

- Баспасөз бетіндегі үздік материал (мақала, репортаж, фоторепортаж, сұхбат, аналитика, очерк, шолу);

- Интернет-порталдағы үздік материал (мақала, сұхбат, очерк, аналитика, шолу, колумнистика, лонгрид);

- Радиодағы үздік материал (бағдарлама, сұхбат, тікелей эфир, аналитика);

- Ең үздік визуалды қатар (бейне, фотогалерея, графика, комикстер).

 

4.2. Байқаудың жүлде қоры: әр номинация жеңімпазы ноутбукқа ие болады.

 

 

5. Конкурстық жұмыстарды беру және бағалау тәртібі

 

5.1. Конкурсқа қатысу үшін ұйымдастырушыға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінім жіберу қажет.

5.2. Конкурсқа қатысушылар материалдарды ақпараттық және презентациялық (жарнамалық) мақсаттарда жартылай немесе толық пайдалануға өз келісімін береді.

5.3. Конкурстық өтінімдер келесі критерийлерге сәйкес бағаланады: материалды беру бірегейлігі, тақырыпты ашу тереңдігі, сюжеттік желінің бірегейлігі (2-қосымша).

5.4. Байқау жұмыстары [email protected] электронды поштасына міндетті түрде КОНКУРСКА АРНАЛҒАН деген белгімен жіберілуі тиіс.

5.5 Газет бетінде жарық көрген, ТВ және радио эфиріне шыққан барлық материалдар БАҚ сайттарында жариялануы керек. Телебағдарлама үшін жарық көрген материал жүктелген YouTube арнаны қосу маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

«БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНА»

«ДОСТУПНАЯ МЕДИЦИНА – ДЛЯ ВСЕХ»

ТАҚЫРЫБЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖҰМЫСТАР Конкурсына қатысуға өтінім толтыру үлгісі

 

Жалпы ақпарат

 

  1.  

Номинация

 

  1.  

Тақырып, сілтеме, мазмұнның қысқаша сипаттамасы, мақаланың шыққан мерзімі

 

  1.  

БАҚ атауы

 

  1.  

Мақсатты аудитория

 

  1.  

Автордың байланыс мәліметтері, түйіндемесі

 

  1.  

Қосымша ақпарат

 

 

 

Конкурсқа қатысуға өтінім ұйымдастырушыға автордың қолы қойылып, оның байланыс деректері мен түйіндемесі қоса жіберіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімдер мен материалдарды қабылдайтын ұйымдастырушылардың байланыстары:

Мекен жай: Нұр-Сұлтан қ., Достық к-сі 13/3, 10-қабат,

Тел.: +7 (7172) 647173, +7 (7172) 647027, +7 702 532 8088; +7 777-350-93-81

Е-mail: [email protected] поштасына міндетті түрде КОНКУРСКА АРНАЛҒАН деген белгімен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

Бағалау критерийлері

 

1. Материал берудің жаңашылдығы мен бірегейлігі, авторлық стиль;

2. Номинация форматына сәйкестігі;

3. Шеберлік деңгейі, әлеуметтік маңыздылығы;

4. Баяндаудағы кәсіби және публицистикалық шеберлік;

5. Тұжырымдамалардың, цифрлардың, фактілердің дәлдігі;

6. Қаралым саны, аудиторияны қамту.

 

 

 

 

 

 

 

Автор: nikosol
Предыдущий материал

Сегодня у моего самого близкого, самого родного человека, у моего папули День рождение!!!

Следующий материал

Мэр Петропавловска-Камчатского брал взятки через брата-посредника

Коментарии (0)